Halyq Uni логотип
×

Абай облысындағы өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды

Оқиға орнында вице-министр жүр

 Дәурен Ерболат 09.06.2023 | 09:10
Абай облысындағы өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды
Фото: kazpravda.kz

Абай облысындағы өртті сөндіруге 4 тікұшақ тартылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығындағы өртті жоюға жәрдемдесіп жатыр. Сол үшін Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300-ден аса адамы, 70 техникасы жұмылдырылды.

4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су шашылып жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес, күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына вице-министр Марат Күлдіков жіберілді, - деп жазылған хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылындағы Островский атындағы орта мектеп пен колледжге эвакуациялық пункттерді орналастырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама