Halyq Uni логотип
×

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаеваның не себепті ерте босатылғаны айтылды

Жанар Толыбаева сәуір айының басында бостандыққа шықты

 Халық үні 22.04.2022 | 10:52
Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Толыбаеваның не себепті ерте босатылғаны айтылды
коллаж: Halyq Uni

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылы Сочи олимпиадасында қола медаль жеңіп алған Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева жазасын өтеп, 7 сәуірде бостандыққа шықты.

Спортшының өліміне қатысты Жанар Толыбаева «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған жаза 2018 жылдың шілдесінен бастап есептелген. Төрт жылға бас бостандығынан айырылғанын ескерсек, Жанар Толыбаева 2022 жылдың шілдесінде бостандыққа шығуға тиіс болатын.

Сот мәліметінше, Жанар Толыбаеваға үкім шыққанша алты ай тергеу изоляторында отырған. Ал тергеу изоляторында бір күн болу қауіпсіздігі орташа колониядағы екі тәулікке тең.

Жанар Толыбаева 2019 жылдың қаңтарында сотталып, Қапшағайдағы орташа қауіпсіздік колониясына орналастырылған. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Ол екінші баласын түрмеде босанды.

Арада тура бір жыл өткен соң Жанар Толыбаева бас бостандығынан айыру мерзімін қысқартуды немесе оны жазаның жеңіл түрімен ауыстыруды сұраған. 2020 жылдың қаңтарында сот оның өтінішін қанағаттандырып, өтелмеген мерзімді (екі жыл, алты ай, 14 күн) бас бостандығын шектеуге ауыстырған. Кейін Жанар Толыбаева босатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама