×

Астанада заңсыз салынған сауда орындары сүріліп жатыр

Қалада заң талаптарын айналып өткен тұрғын үйлердің құрылысы да тоқтады

 Дастан Жұмабекұлы 08.06.2023 | 15:17
фото: instagram.com

Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы тоқтағаннан кейін кезек сауда орындарына да келіп жетті. Қазір қаланың «Байқоңыр» ауданында заңсыз салынған сауда орындары сүрілуде.

«Байқоңыр» ауданы әкімдігінің хабарлауынша, мониторинг шеңберінде заңсыз орнатылған бес сауда орны анықталып, сүрілді.

Осыған байланысты сауда-саттықпен заңсыз айналысып жатқан адамдарға ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша айыппұл салу түрінде әкімшілік шаралар қабылданатын болады. Алдағы уақытта сауда орындары заңсыз салынса немесе дайын күйінде орналастырылса ҚР ӘҚБтК-тің 204 бабы бойынша ескерту немесе 5 АЕК айыппұл салынады. Егер қайталанған жағдайда 10 АЕК айыппұл салынатын болады, – делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, 1 АЕК – 3 450 теңге.

Бұған дейін хабарланғандай, Астанада заңсыз салынған 76 құрылыстың жұмысы тоқтаған болатын.

Астана қаласының аумағында рұқсат құжаттары жоқ 96 нысанның құрылысы жүргізілген. Осыдан кейін рұқсат құжаттарсыз заңсыз құрылыс нысандарын салған компаниялардың толық тізімі шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама