Абдулла Арипов Өзбекстанда жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндады
Көрші Өзбекстанда жасыл экономикаға, әсіресе жасыл энергетикаға көшу үшін жүйелі реформалар қолға алынған. Өзбекстан 2030 жылға қарай электр энергетикасындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 40%-ға жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов Астана халықаралық форумының отырысында айтты.
Біздің еліміз барлық әлемдік әріптестермен тығыз ынтымақтастыққа ашық. Мен халықаралық серіктестерді Арал апатын ескере отырып, жасыл экономикадағы жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыруды арттыруға шақырғым келеді, - деді Өзбекстан премьер-министрі.
АХФ пленарлық секциясының модераторының Орталық Азияның интеграция деңгейінің артуы үшін не қажет деген сұрағына жауап берген Өзбекстан премьер-министрі тек жұмыс істеу керек екенін қысқаша атап өтті.
«Шавкат Мирзиеев бастамасымен Жаңа Өзбекстанды құру бойынша ауқымды реформа іске асырылып жатыр. Біздің реормалар БҰҰ орнықта даму мақсаттарына толық сай келеді. Аймақ мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары деңгейінде жақсы диалог алаңдары құрылды. Жыл сайын аймақ басшылары бас қосып, үкімет деңгейінде жұмыс жүргізілуде, өңіраралық ынтымақтастық дамып келеді, сондықтан барлық ел алға қойылған міндеттерді тиімді орындау үшін жұмыс істеуі қажет», - деді Өзбекстан премьер-министрі.