Абай облысында пышақ жарақатынан жасөспірім қайтыс болды
Жастар арасында жаппай төбелес болған
Абай облысында пышақ жарақатынан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жастағы бала түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында жасөспірімдер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Соның салдарынан жасөспірім пышақ жарақатын алған. Жанжалға қатысушылардың барлығы анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір істің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.