Қазақстанда жемқорлықпен күресіп жатырмыз – Тоқаев

Дәурен Ерболат

Мемлекет басшысы елімізде ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтты

фото: akorda.kz

Бүгінде Қазақстанда реформа жүргізліп, жемқорлықпен күресіп жатырмыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Біз Қазақстанда реформа жүргізуге күш салып жатырмыз. Оның ішінде әділеттілік, заң үстемдігі, теңдік принцинптері бар. Менің ұстанымым – заң мен тәртіпті сақтау. Бұл Жаңа Қазақстанды құруда негізгі фундамент болып саналады. Өте қысқа уақытта біз институттарымызға реформа жүргіздік. Президенттің өкілеттілігін шектедік, Контитуцияға түзетулер енгіздік. Саяси және экономиканы жүйелерді қайта іске қостық. Жемқорлықпен күресіп жатырмыз. Жаңа Қазақстан екі жыл бұрынғы Қазақстаннан айтарлықтай ерекшеленеді», - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жүйеге реформа жүріп жатқанын атап өтті.

«Оны аяқтау әлі алыс. Біз саяси реформалар мен адами капиталға құйылатын инвестиция орташа табыс тұзағынан құтқаруға мүмкіндік береді әрі экономикамыз тұрақты болады.

Трансформация болса да, бізге әлі көп нәрсе істеу керек. Бірақ біз жолымыз сәтті болуы үшін көп кедергіні бағындыруға дайын болуы керегін түсінеміз. Біз оған дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы.