Өскеменде бес жасар қыз автобустың астында қалды

Халық үні

2017 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмған

көрнекі фото: smi24.kz

Өскеменде аялдамаға тоқтаған автобус жүргізушісі жолаушыларды түсірер кезде қауіпсіздік шараларын елемей, жүріп кеткен.

Қайғылы оқиға 21 сәуірде сағат 17:00-де Бажов көшесінде болған. Әжесімен бірге қоғамдық көліктен түспек болған 5 жасар қыздың аяғы есікке қысылып қалған. Ал 59 жастағы жүргізуші бұл жағдайды елемей, автобус орнынан жүріп кеткен. 2017 жылы туған қыз оқиға орнында көз жұмған.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«59 жастағы автобус жүргізушісі «Нефтебаза» аялдамасында жолаушылардың толықтай түскеніне көз жеткізбестен жүріп кеткен. 2017 жылғы қыз көліктің астында қалды. Ол алған жарақаттан сол жерде көз жұмды», - делінген хабарламада.