×

«Конвертте тек хат болу керек». Антикор жемқорлықпен күресудің жаңа әдісін тапты

СЖҚА-ның Алматы облысы бойынша департаменті акция өткізді

 Динара Амантай 08.06.2023 | 11:27
Фото: СЖҚА Алматы обл. департаменті

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Конверттерде тек хаттар болуы керек» акциясын өткізді, деп хабарлады Halyq uni тілшісі.

Акция аясында Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының басшыларына облыс әкімінен бастап аудандық бөлімдердің басшыларына дейін мейірімділік хаты бар конверттер таратылды.Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта балалар суреттері салынған нақыл сөздер, әңгімелер жазылған.

Хат жазу дәстүрінің терең тарихы бар. Ежелгі дәуірде, жазу алғаш пайда болған кезде адамдар хаттардың үлкен эмоционалды күші бар екенін түсінді. Сондықтан конверттерді туыстарына, жақындарына және алыстағы адамдарға хаттарды беру үшін қолданды. Кейбіреулер хат пен конверт арқылы өз сезімдері туралы айтып, өз әсерлерімен бөлісті. Әдетте хатта адамға өз сезімдерін ашу, жан дүниесінде не болып жатқанын айту, өз сезімдерімен бөлісу оңайырақ. Сонымен қатар, хаттар жай айтылған сөздерден гөрі жадыда ұзақ сақталады. Алайда бүгінде көптеген адам үшін конверт тек ақша беру үшін қолданылады, ол өз кезегінде негізгі мағынасы мен маңыздылығын жоғалтады, – делінген хатта.

Хатты алушылардың бірі – Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Азамат Жандосов елдің қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты алдын алу тетіктеріне сүйенетінін атап өтті. Сондай-ақ осы акцияны қолдап, әкімдік қызметкерлеріне Іле ауданының бөлімдері мен мемлекеттік мекемелерінің басшыларына осындай конверттерді жіберуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама