Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Жетісу облысының Алматы – Өскемен тасжолында жеңіл автокөлік жүк көлігінің астына кіріп кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін таңертең МАN жүк көлігі мен Volkswagen Passat жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Нақты айтқанда, Алматы – Өскемен тасжолының 466-шақырымында неміс көлігінің 42 жастағы жүргізушісі рөлде қалғып кетіп, қарама-қарсы жол жиегінде тұрған жүк көлігінің астына барып кірген.
Ауруханаға жеткізілген 5 адамның екеуі ауыр жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін 3 жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді. Екі көлік арнайы автотұраққа қойылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.