Антикор экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын растады
Ол ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратты растады.
Әлтаев аса ірі мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұсталды, - делінген ақпаратта.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Айта кетейік, Нұржан Әлтаев бұған дейін Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеле алмады.
Оған Астана қаласы Байқоңыр аудандық сотының «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органының президенттігіне кандидат ретінде Нұржан Әлтаевты ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп танығаны себеп болды.