Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында 122 шетелдік азамат елден шығарылды

Өңірде 500-дей азамат көші-қон заңнамасын бұзған

 Динара Амантай 07.06.2023 | 17:13
Ақтөбе облысында 122 шетелдік азамат елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 122 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мамыр айында Ақтөбе облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі облыс аумағында өздерінің жеке басын анықтайтын құжатсыз, ел аумағында заңсыз жүрген және заңсыз жұмыс істеген 122 шетел азаматын анықтаған. Оның ішінде 40 шетелдік сот қаулысының негізінде әкімшілік жолмен ел аумағынан шығарылды.

Жалпы, облыс аумағында жыл басынан бастап көші-қон заңнамасын бұзған 457 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 122-сі ел аумағынан шығарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама