Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Астанада дәмханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Елордалық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін сағат 12:55-те өрт сөндіру бөлімшелері Қажымұқан көшесі, 3-үйде түтін көрініп тұрғаны туралы хабарлама бойынша шыққан.
Өрт сөндірушілер келгенде «Ренессанс» кешенінің аумағында жалпы ауданы 60 шаршы метр жазғы дәмхананың жануы, сондай-ақ газды-ауа қоспасының тарсылы болған. Өрт сөндірушілердің күшімен 13:13-те өрт жойылды, – делінген ведомство хабарламасында.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.