Елордада Астана халықаралық форумы өтеді

Халық үні

Әлібек Қуантыров форум аясында шетелдік инвесторлар кеңесі ұйымдастырылатынын хабарлады

Фото: Astana international forum

Елордада 8-9 маусым аралығында Астана халықаралық форумы өтеді.

Форум «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбы аясында өтеді.

Жалпы мыңнан астам шетелдік мейман қатысады деп жоспарланып отыр.

Форумда сыртқы саясат, халықаралық даму, энергетика, климат, экономика және қаржы мәселелері кеңінен талқыланады. Осы тақырыптар аясында 40-тан астам панельдік сессиялар және маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Министрдің айтуынша, форум аясында шетелдік инвесторлар кеңесі ұйымдастырылады.

Жаңа форматтағы Астана халықаралық форумы жаһандық сын-қатерлердің ортақ шешімін табуға бағытталған, - деді Қуантыров.

Айта кетейік, Астана халықаралық форумы жаңалықтарын ресми сайттан және форумның әлеуметтік желідегі парақшасынан көруге болады.