Жұмысшыларына жалақы төлемеген 500-ге жуық кәсіпорынға айыппұл салынды

Динара Амантай

Еңбек инспекторлары 12,7 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады

Фото: Halyq Uni

Қарамағындағы жұмысшыларға жалақы төлемеген 500-ге жуық кәсіпорынға айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 481 кәсіпорнның 15,3 мың жұмысшысына 2,8 млрд теңгеден аса жалақы бойынша берешекті анықтаған. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 78,3 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 12,7 мыңнан аса жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 2,3 млрд теңге төленді.