Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында орналасқан
Алматыдан 650 шақырым жерде жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС 7 маусымда сағат 3:54-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 650 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.6.
MPV магнитудасы – 4.8.
Тереңдігі – 35 шақырым.