Halyq Uni логотип
×

Астанада іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды

Қалада «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді

 Динара Амантай 06.06.2023 | 15:40
Астанада іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды
Фото: Halyq Uni

1-5 маусым аралығында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Іс-шараны өткізу барысында учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік учаскелерінде визит карточкаларын бере отырып, пәтерлерді және аулаларды аралап шықты. Пәтерлер, үй-жайлар, үйлер, барак-жалдамалы тұрғын үйлер, жатақханалар және басқа да нысандар анықталды.

Іс-шара барысында бір тәулікте 88 қылмыс, бұрын жасалған 50 қылмыс анықталып, іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды. Қабылдап-тарату орнына 129 азамат қамауға алынды. Қаланы уақытша бейімдеу және интоксикациялау орталығына 354 адам орналастырылды.

ҚР ІІО-да есепте тұрған 2 450-ден аса адам тексерілді. Есепте тұрған азаматтардың белгіленген шектеулерді бұзуының 38 дерегі анықталды. 4045-ке жуық әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 402 ұсақ бұзақылық, 663 алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас болып жүру деректері тіркелді. Тіркелмеген 1 522 азамат анықталды.

Отбасылық-тұрмыстық жағдайда құқыққа қайшы әрекеттері үшін 62 адам жауапқа тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған 112 кәмелетке толмаған бала анықталды. Автокөлікті мас болып басқарғаны үшін 33 жүргізуші анықталып, 602 жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама