Алтай Көлгінов елордадағы су тапшылығы жайлы сұраққа жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары, Астана қаласының экс-әкімі Алтай Көлгінов бірнеше күннен бері ыстық су мен салқын судың жоқтығын айтып жатқан елордадағы кей аудан тұрғындарының шағымына пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Астанадағы кейбір аудандарда үйлерге су беруге қатысты мәселе бар. Бұл туралы біз білеміз. Әкімдік бұл мәселемен шұғылданып жатыр, - деді вице-премьер.
Журналист: Астанадағы су тапшылығына қай шенеунік жауап беруі керек. Кешіріңіз, бірақ қазір астаналықтар әжетханаға кезекпен барып жүр, олар жуына алайды. Себебі, су жоқ. Далада аптап ыстық.
Алтай Көлгінов:
- Қалада халықтың саны тез өсіп жатыр. Мен Астананың әкімі ретінде 3,5 жыл жұмыс істедім. Осы уақытта шамамен 350 мың адам елордаға көшіп келді. Түсінесіз бе? Халықтың саны тез өсіп жатыр: миграция және демография есебінен. Осыны ескеріп, (осындай) мәселе болатынын білдік. 2020 жылы сорғы-сүзгі станциясын салдық. Қазір жоба аяқталған. Су болады. Сондықтан осы жобаны тез аяқтау керек. Әкімдік маусымда аяқтаймыз деп жоспарлап отыр. Тәулігіне 35 мың куб су беріледі.
Журналист: Астанада су тапшылығы бар. Сіздің үйіңізде су бар ма?
Алтай Көлгінов:
- Астанадағы кейбір жерлерде су тапшылығы бар. Мен тұратын үйде су бар. Алматы ауданындағы көпқабатты үйде тұрамын.