Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 700-ге жуық азамат жауапқа тартылды
Үндістанның 6 азаматына ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 22 мен 30 жас аралығындағы Үндістанның 6 азаматын анықтады. Олар заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен аса уақыт ішінде елден кетуден жалтарған.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен шетел азаматтарының әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш (86 250 тг) мөлшерінде айыппұл салынды.
Еске сала кетсек, биыл көлік полицейлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 700-ге жуық азаматты, оның ішінде 623 шетелдікті Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.