Жыл басынан бері 45 қазақстандық суға батып кеткен
Суға батқандардың ең көбі – Ақтөбе облысында
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда жыл басынан бері 45 адамның суға кеткенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айутынша, былтыр суға батқандар саны 43% азайғанмен, елдегі жағдай әлі жақсармаған.
Соңғы 3 жылда мыңнан аса адам суға кетті. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды. Оның 15-і – бала. Шомылу маусымы басталғаннан бері 11 адам суға кетсе, оның екеуі – бала. Бұл ретте 45 адам суға кетті, оның 14-і кәмелеттік жасқа толмаған. Суға батқандардың көбі – Ақтөбе (5 бала), Абай (5 адам, оның екеуі бала), Қостанай (5 адам) облыстарында, - деді Юрий Ильин.
Министр еліміздегі су айдындарында адамдардың қайғылы жағдайға душар болуының бірнеше себебін атады.
Олар:
- жабдықталмаған орында шомылу;
- балаларды қараусыз қалдыру;
- мас күйде шомылу.