Қарағандыда аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото: Halyq Uni

Қарағандыда аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 маусымда ҰҚК департаменті мен Қарағанды облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бірлескен жедел әрекеттері барысында 170 мың теңге пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық ПБ-ға қарасты Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталған. Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жалғастыратын болады.