Halyq Uni логотип
×

Астанада мемлекеттік ұйымдар кәсіпкерлермен 100 млн теңгеге заңсыз шарт жасасқан

44 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

 Динара Амантай 05.06.2023 | 17:46
Астанада мемлекеттік ұйымдар кәсіпкерлермен 100 млн теңгеге заңсыз шарт жасасқан
Фото: Halyq Uni

Елордада Алматы ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қолданылу жағдайына талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау барысында жекелеген мемлекеттік ұйымдарының адал кәсіпкерлердің құқықтарын шектеп, белгіленген бизнес субъектілерімен жалпы 100 млн теңгеден аса сомаға бір көзден шарт жасасқаны анықталды. Бұл ретте көрсетілген қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қағидаттарына сәйкес келетін бәсекелестік тәсілімен (конкурс, баға ұсыныстарын сұрату және басқалар) іске асырылуға тиіс болатын.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен бұл тәжірибе тоқтатылып, шарттар бұзылып, 44 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа (ҚР ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлігі) тартылды және мемлекет кірісіне 4,6 млн теңге айыппұл төленді.

Қазір мемлекеттік сатып алу туралы шарттар заңнама талаптарына сәйкес жасалып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама