Олар суға батып, көз жұмды
Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландқа демалу үшін барғысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасап, сақ болуға кеңес берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Өкінішке қарай, кеше кешке Қазақстан азаматы қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалған. Әрине, (ол аман қалады деген – автор) үміт болды. Себебі, жігіт жас болғандықтан (аман алып қалу үшін) бәрін жасадық. Осыдан екі күн бұрын жігіттің әке-шешесі Пкухетке (Таиланд қаласы) ұшып келді. Олардың жанында Қазақстан консулы болып, тай дәрігерлерімен сөйлесті. 1 маусымда бізге (Таиландтағы) аурухадан қоңырау түсті. Олар Қазақстан азаматының ауыр халде екенін, реанимацияға түскенін айтты, - деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айутынша, 3 маусымда тағы бір қазақстандық Таиландта суға батып кеткен. Оны мамандар құтқарып үлгермеген.
Сондықтан Қазақстан азаматтарына жергілікті билік суға түспеу керек деп хабарлама таратса, сол ережелерді сақтау керек деп кеңес беремін. Өкінішке қарай, Таиланд құтқарушыларының мәліметінше, теңізге қызыл жалау шығырылған күндері суға түсуге тыйым салынған. Алайда көбіне ТМД азаматтары ережелерді бұзып, суға түседі. Мұндай күндері суға түспеңіздер, - деді Айбек Смадияров.
Ол қайтыс болған азаматтардың денесі Қазақстанға қалай жеткізілетінін түсіндірді.
«Екі жігіттің денесі елге жеткізіледі. Олардың туыстарымен жұмыс істеп жатырмыз. Олардың құжаттары рәсімделеді, қазақстандықтарың денесін жеткізетін әуе компанияларымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Кешегі қайтыс болған жігіттің денесі туыстарының есебінен жеткізіледі. (3 маусымда көз жұмған) қазақстандықтың денесі сақтандыру қызметі есебінен елге қайтарылады», - деді ол.