×

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Жыл басынан бері 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған

 Динара Амантай 05.06.2023 | 16:55
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 3 маусымда түстен кейін белгісіз ер адам 90 жастағы зейнеткердің қалалық телефонына қоңырау шалып, оның қызы жол апатына ұшырап, адамды қағып кеткенін айтқан. Сондай-ақ қызы әртүрлі жарақаттармен ауруханада жатыр деп үрейлендірген. Оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін зейнеткердің ақша аударуы қажеттігін айтқан. Алаяқтар қаражатты Руслан есімді жігіт алып кететінін түсіндірген. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үй телефонына «апатқа ұшырадым, маған шұғыл түрде 20 млн теңге көлемінде ақша керек» деген қызының дауысына ұқсас әйел хабарласқан. Зейнеткер қоңырау шалған адамның дауысын ажырата алмай, қызының шынымен қиын жағдайға тап болғанына сеніп қалған.

Зейнеткер жинақтары мен зейнетақысынан 13 млн теңге сомасында қаражатты жинаған. Көп ұзамай, алаяқтар есік қоңырауын басып, үйіне кіріп, өзін Русланмын деп таныстырған. Ақшаны санап, алып кетті. Қазір алаяқтардың жеке басын және орналасқан жерін анықтауға жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысының жеке құрамы бағдарланған, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Жыл басынан бері алаяқтарға 25 млн теңге қаражат берген 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған. Барлық факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама