Алматылық полицей көліктерін жібермей тұрған турист әйелді итеріп құлатты (ВИДЕО)
Оқиға Медеу ауданындағы танымал бардың жанында болған
Алматы қаласында патрульдік полиция қызметкері шетелдік туристі итеріп жіберіп, асфальтқа құлатты.
Оқиға видеосынан шетелдік туристердің патрульдік полиция көлігіне жармасып, жібермей тұрғанын көруге болады. Сол кезде тәртіп сақшысы қаумалаған әйелдердің біреуін итеріп жіберді. Ол асфальтқа құлады.
Видеоны Instagram-дағы парақшасына жариялаған журналист Ғазиза Райымбектің айтуынша, бұл оқиға Медеу ауданындағы танымал бардың жанында болған.
Осы қыздардың бәрі – шетелдік туристер. Олар шок алған шығар. Енді келмейді, басқаларға да осы жағдай туралы айтады, - деп жазды ол.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қызметтік тексеріс басталды. Видеодағы полицейдің дөрекі әрекетіне баға беріліп, тиісті шара қолданылады.