×

Атырауда полицейлердің заңсыз шығарған 2 мыңнан аса қаулысы жойылды

Заңсыз акті шығарған 24 полицей жауапқа тартылды

 Динара Амантай 05.06.2023 | 15:36
Фото: ашық дереккөз

Атырауда полиция қызметкерлері құқық бұзушылық құрамының белгілері болмаған жағдайдың өзінде жеке азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Автомобиль көлігі иесінің дербес деректері полиция қызметкерлерінің мобильді планшеттері арқылы анықталғанына қарамастан, жеке тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжатының болмауына байланысты жауапқа тартылған.

Қала прокуроры енгізген наразылықпен аталған бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 1 мың 79 қаулының күші жойылды.

Жалпы, бүгінде 2 мыңнан аса әкімшілік қаулының күші жойылып, 24 полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама