×

Министр «болашағы жоқ» неше ауыл барын айтты

Министр меңзеген ауылдарда шамамен Қазақстан халқының 10%-ы тұрады

 Дәурен Ерболат 05.06.2023 | 13:14
Фото: liter.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда «болашағы жоқ» неше ауыл барын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елімізде (“болашағы жоқ” – авт.) 2,8 мың ауыл бар. Онда ауыл халқының шамамен 10% – 700 мың адам тұрады. Кейбір ауылдарда халық саны азаяды. Кейбір ауылдарды жөндеп, қолдау көрсетеміз. Мұны бәрі өңірдегі әкімдіктердің саясатына байланысты, - деді министр Мәжілістені Үкімет сағатынан соң.

Бұған дейін сенатор су тапшылығы салдарынан халық ауылдан көшіп жатқанын айтқан еді.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын ауылдан қалаға шамамен 200 мыңға адам көшеді.

Ұлттық экономика мининистрлігінің мәліметінше, көшудің басты себебі – ауылдардағы жұмыс орнының тапшылығы мәне инфрақұрылымның диспропорциясы. Сонымен қатар, ауылдықтардың табысы қалалықтармен салыстырғанда төмен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама