Павлодарда әлеуметтік желіде тапанша жарнамалаған ер адам анықталды
Ол бұрын сотталған болып шықты
Павлодарда ер адам әлеуметтік желіде тапаншаны жарнамалаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, әлеуметтік желілерді тексеру кезінде 2 маусымда белгісіз ер адамның атыс қаруын «жарнамалаған» бейнежазбасы анықталды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Ол Павлодар қаласының бұрын сотталған 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Одан Стечкин пневматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптама тағайындалып, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.