×

Ақмола облысында белгісіз біреулер әкімшілік ғимаратты өртеп жіберген

Келген шығын 6 млн теңгені құрайды

 Халық үні 21.04.2022 | 11:30
фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында өртеу фактісі бойынша тергеу басталды.

19 сәуірде Аршалы аудандық полиция бөліміне жергілікті атқарушы орган қызметкерінен 18 сәуір түнгі сағат 03.30 шамасында әкімшілік ғимаратты өртеп жіберген белгісіз тұлғаларға қатысты шара қабылдау туралы өтініш түсті. Шығын сомасы 6 млн теңгені құрады, – дейді полиция.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мемлекеттік орган ғимаратында түнгі сағат 03.30 шамасында өрт болғанын анықтады. Қазір өрт ошағы анықталып жатыр.

«Тергеу бөлімі аталған фактіге сәйкес қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиға болған жерді тексеру барысында өзіне тән иісі бар 3 литрлік шыны ыдыс және пластиктен жасалған зат тәркіленді. Осы қылмысты жасаған немесе оған қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары, ықтимал куәгерлерден әрі куә болған адамдардан сұрау жүріп жатыр», – делінген ақпаратта.

Өртті Аршалы ауданының ТЖБ қызметкерлері сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Президент Төтенше жағдайлар министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды
10.06.2023 | 15:14

Үржар ауданында 2,6 млрд теңге жұмсалған су құбырлары толық тартылмаған

Жұмыс орындалып, бөлінген сома толық игерілді деген актіге қол қойылған
10.06.2023 | 14:24

«SCAT» компаниясы Пәкістанға әуе рейстерін ашады

Әуе кемелері аптасына 2 рейс жиілігімен ұшады
10.06.2023 | 13:18