×

Биыл 89 мыңға жуық қазақстандық кәсіптік оқытудан өтті

Онлайн оқыту платформасында әртүрлі бағыт бойынша 212 курс жарияланған

 Динара Амантай 05.06.2023 | 10:02
Фото: kbtu.kz

Жыл басынан бері 88,9 мың азамат, оның ішінде 22,7 мыңға жуық жұмыссыз қазақстандық SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, платформаға жалпы 283,1 мың қазақстандық тіркелген. Оқудан өткен 22,7 мың жұмыссыз азаматтың 7,5 мыңы – негізінен Қызылорда, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарының жастары.

Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 212 курс жариялады, оның 159-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – «Выращивание клубники от А до Я», «Птицеводство. Выращивание бройлеров», «Откорм крупного рогатого скота», «Ірі қара малды бордақылау» және «Кассир».

Платформада ақпараттық технологиялар, экология және еңбекті қорғау, туризм, бизнес, энергетика, маркетинг және менеджмент, білім беру және тәрбие салаларында түрлі кәсіптер бойынша кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама