×

Семейде 2 адам судан құтқарылды

Олардың бірі мас болған

 Динара Амантай 05.06.2023 | 09:20
Фото: skd.adm.tver.ru

Семейде 2 адам судан құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 маусымда сағат 11:20-да 112 пультіне Мұрат саяжайынан кейін орналасқан Солнечная долина алқабында ер адам судан құтқарылды деген хабарлама келіп түскен.

Ақпарат жинау барысында 1978 жылы туған ер адам отбасымен Ертіс өзенінің жағалауында демалу кезінде батып бара жатқан адамды көріп, содан кейін дереу көмекке асығып, судан шығарғаны, сондай-ақ мас болған 1987 жылы туған адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсеткені анықталды. Жедел медициналық жәрдем дәрігерлері зардап шеккен адамды тексергеннен кейін оны Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлеріне табыстады.

Екінші оқиға дәл сол күні Шүлбі кентінде болды. №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Алтынбек Әлімжанов суға батып бара жатқан баланы құтқарды.

Шүлбі кентіндегі «Жанай» демалыс базасында азаматтық қорғау кіші сержанты беседкалардың жанынан өтіп бара жатып, суға батып бара жатқан баланы байқады. Алтынбек ұзақ ойланбастан, көмекке жүгірді. Киімін шешпей, баланың артынан суға секірді. Баланы жағаға шығарып, оған дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті. Содан кейін бала ата-анасына тапсырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама