×

«Сендерге кім рұқсат берді?»: Шөмішбай Сариевтің зайыбы әншілердің авторлық құқықты бұзғанын айтты

Мен бәрінің де продюсерін тауып аламын

 Халық үні 04.06.2023 | 21:52
Коллаж: stan.kz

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын әрі аудармашы Шөмішбай Сариевтің жұбайы қазақ эстрадасының өкілдеріне қатты ренжулі. Жұмагүл Сариеваның айтуынша, бүгінде атақты әншілердің көбісі ақынның сөзіне жазылған әндерді рұқсатсыз орындап жүр, деп хабарлайды stan.kz youtube каналы. 

Авторлық құқықты бұзған өнер жұлдыздарының көшін Қайрат Нұртас бастап тұр. Танымал хитмен осыдан бірнеше жыл бұрын мәтінін Шөмішбай ақын жазған «Мазала» әнін еш ескертусіз өз репертуарына қосып алған көрінеді.

Қайрат Нұртас «Мазала» деген әнге клип түсірген екен. Сол клиптің тұсаукесері болған. Бірақ біз білмейміз, біреу арқылы естідік. Қайраттың өзімен сөйлеспейсің ғой, анасына хабарласып: «Ей, сендер неге Шөмішбай ағаңды ұмытасыңдар? Әнді шығарасыңдар, клип түсіресіңдер, бізге ештеңе айтпайсыңдар» дедім. «Ой, апай, біз көп қарызданып жатыр едік» деді де Гүлзира, ақшасын бірден берді. Рұқсатсыз орындаған. Мен заңды білемін ғой, – дейді Шөмішбай Сариевтің жұбайы.

Танымал ақынның сөзіне жазылған әндерді рұқсатсыз орындағандардың тізімінде Ерке Есмахан да бар екен. 

Ерке Есмахан да бір әнді рұқсатсыз орындады. Мен бәрінің де продюсерін тауып аламын. «Сендер айтып жатыр екенсіңдер, музыкалық арнаға қойыпсыңдар. Сендер неге рұқсатсыз айтасыңдар?» деп едім, «Апай, кешіріңіз» деді. Содан кейін кейбір сөздерді өзгертіп айтады екен. «Олай өзгертуге болмайды, автордан рұқсат алу керек» дедім. Сөйтіп Ерке Есмаханнан 2 мың доллар алдым. Өзін көрген емеспін, продюсерлерімен жұмыс істеймін ғой, – дейді ақынның әйелі.
 

Сондай-ақ Жұмагүл Сариеваның ашуына тиіп, авторлық құқыққа қол сұққандардың қатарында «Жігіттер» тобы, Жігер Ауыпбаев, Ақбота-Нұр Сейітмағамбет және Диана Шарапова сияқты шоу-бизнес жұлдыздары да бар. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама