Жетісуда шенеуніктер жемқорлығының кесірінен 30-дан аса өндіруші зардап шегіп отыр

Динара Амантай

Субсидия саласындағы жемқорлық тәуекелдері анықталды

Фото: Halyq Uni

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Отырысқа Комиссия мүшелері, мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы қала, аудан әкімдері қатысты.

Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімінің міндетін атқарушы Әлібек Жақанбаев күн тәртібінде қарастырылған субсидиялау және фискалдық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты егжей-тегжейлі тоқталды. Аталған салалар, облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген.

Сондай-ақ Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов қатысушылардың назарына қаралып отырған салалардағы тәуекелдер туралы ақпараттарымен бөлісті.

Атап айтқанда, субсидиялау желісі Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларының жемқорлыққа жол беруі салдарынан 30-дан аса ауыл шаруашылығы өндірушілерінің техникалық жабдықтары алынбағанын, бюджет миллиондаған шығынға ұшырағаны атап өтті.

Бұған қоса, салық және кеден салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызызатын бұзушылықтары да анықталды.