Шымкентте аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы мен экс-тергеуші ұсталды
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Шымкентте аудандық полиция басқармасының бөлім басшысы мен экс-тергеуші ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында бүгін ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстаған.
Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.