Оның көлігі Алматы – Бішкек автожолында тоқтатылған
Алматыда «Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталуына қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлады Halyq Uni тілішсі.
Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы – Бішкек автожолында BMМ автокөлігін тоқтатқан.
Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді. Қазір сот-химиялық сараптама тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Аталған деректер ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді.