Halyq Uni логотип
×

«Ішінде қағаз бен су жоқ»: Депутаттар Астанадағы қоғамдық дәретханаларды тексеріп шықты

Елорданың қоғамдық әжетханаларына бірыңғай тиіптік концепция қажет

 Айнұр Шошаева 03.06.2023 | 12:47
«Ішінде қағаз бен су жоқ»: Депутаттар Астанадағы қоғамдық дәретханаларды тексеріп шықты
Коллаж: Halyq Uni

Астанадағы 48 қоғамдық дәретхананың тек төртеуі ғана мінсіз жұмыс істеп тұр. Бұл туралы қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар мәселелері бойынша өткен қоғамдық тыңдауда айтылды, деп хабарлайды Halyq uni.

Астаналық мәслихаттың депутаттары қоғамдық тыңдаулардың алдында қаладағы барлық қоғамдық дәретханаларды тексеріп шыққан.

«Жастар» сарайындағы дәретхананың сыртқы есіктері сырлауды талап етеді. Астынғы жағына сынған түрлі ағашпен қаға салған. Ішінде не қағаз, не сабын не, қол жуатын су жоқ. Әйтеуір унитазда су бар екен. Бұл дәретхананы табу үшін «Жастар» сарайын екі айналып шықтым. Ешқандай жол көрсеткіші жоқ. Орталық саябақтағы дәретханаға көңіл бөлу керек. Онда екі дәретхана деген, біреуі Теннис орталығының жанында тұр. Ішін бір жеті жумаған шығар. Салақ әйелдің үйі сияқты. Саябақтағы дәретхананы таптық, ол жабық тұр. Бұл жерден жабық тұрған тағы екі дәретхананы таптық. Сыртында жазуы жоқ, мемлекеттікі ме, жеке меншіктегі ме белгісіз. Екі ақылы дәретхана бар, - деді депутат Кендебай Адамбеков.

Сондай-ақ ол кейбір дәретханаларда мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалмағанын атап өтті.

«Астана опера» театрының маңайында екі дәретхана тұр, біреуі жабық. Ашық тұрғанында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасалмаған. Бұл да бәр проблема. «Думан» қонақ үйінің жанындағы дәретханаданың жағдайы сын көтермейді  Сырты сынған, майысып, тозған. Желілік парктің қасында екеуі бар, өзім барып көрдім. Жазуы жоқ, әйтеуір екі есігі бар екен», деп қосты ол.

Мәслихат хатшысы Ерлан Каналимовтың мәліметінше, бүгінде қалада пайдалануға берілген 48 дәретхананың тек 4 ғана толық жұмыс істеп тұр.

Қала бойынша 48 қоғамдық дәретхана орналасқан екен. Демалыс күні әріптестерімізбен барып қарап қайттық. Барлық дәретхананың төртеуі ғана мінсіз, дұрыс жағдайда жұмыс істеп тұр. Есіктері сынған, су жоқ, көбі жабық. Сыртына қарасаң «ақылы» деп тұр. Қоғамдық дәретхана неге ақылы болуы керек? 48 дәретханаға ие бола алмай отыру туралы айту ұят. Оны күтіп ұстау үшін бөлінген қаржы бар, - деді мәслихат хатшысы.

Сондай-ақ оның пікірінше, елорданың қоғамдық әжетханаларына бірыңғай тиіптік концепция қажет екенін атап өтті.

Төрт аудандағы дәретханалардың техникалық шарттарын әдейі қарап шықтым, төртеуі төрт түрлі. Бір қала болған соң, біркелкі етіп жасауға болады ғой. Сырттарының бәрі әртүрлі. Біреуі ағылшын WC, біреуі туалет, дәретхана деп тұр. Тіпті біреуі әжетхана деп жазылып тұр. Тым болмаса бірыңғай стильмен істейік те. Бір типтік концепция болуы керек. Сыртқы келбеті, ішінде не бар, не жоқ, жұмыс уақыты бәрі қамтылуға тиіс. Аудан әкімдіктері жаңасын орнатуға ақша сұрайды. Ал ақша бөліп санын көбейткенде не боламыз?, - деп қосты Каналимов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама