×

Павлодар облысында полиция мен атқарушы органдардың қызметінде көптеген бұзушылықтар анықталды

Анықталған фактілер бойынша облыс прокуратурасы қадағалау актісін енгізді

 Динара Амантай 03.06.2023 | 10:45
Фото: Павлодар обл, прокуратурасының баспасөз қызметі

Павлодар облысының прокуратурасында пробация, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Тексеру қолданыстағы заңнаманың көптеген бұзушылықтарын, соның ішінде пробациялық бақылаудың жеткіліксіздігін, сотталғандардың қайталама қылмыстар жасауының салдары болып табылатын уәкілетті және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нашарлығын анықтады.

Алқа отырысында өзара іс-қимылдың проблемалық мәселелері талқыланып, бұзушылықтардың алдын алу шаралары әзірленді.

Біздің міндетіміз – пробация субъектілерінің жаңа қылмыстар жасауына жол бермеу, бұл үшін оларды жұмысқа орналастыру және олардың ойлау парадигмаларын өзгерту қажет. Бұл біздің азаматтарымыздың тыныштығының негізі - деп қорытындылады Павлодар облысы прокурорының м.а. Серік Кәріпбеков.

Анықталған бұзушылық фактілері бойынша облыс прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, нақты тапсырмалар берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама