×

Астанада әйел такси жүргізушілерін алдаумен айналысқан

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 03.06.2023 | 10:01
Фото: © Sputnik Табылды Қадырбеков

Елордалық әйел алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 25 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында оның InDrive қосымшасы арқылы курьер-таксиге тапсырыс бергені белгілі болды. Такси төлемін жоғары қойып, солайша жүргізушіні қызықтырған ол Ардагерлер көшесінен телефонды алып кетуге тапсырыс берген. Такси жүргізушісінен кепілдік ретінде ақша сұрап, жеткізу пунктінде жол ақысымен бірге қайтаратынын айтқан. Мекенжайға жеткен курьер тасымалдаған гаджеттің іске жарамсыз екенін және алаяққа алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Аталған дерекке қатысты 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйелдің осыған ұқсас айла-амалмен тағы бірнеше қала тұрғынын алдағаны анықталды. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама