Таразда алып сәби дүниеге келді
Бұндай салмақтағы нәрестелер сирек туады екен
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 сәуір күні сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталығына толғағы қысқан 29 жастағы қала тұрғыны түсті. Дәрігерлердің қарап-тексеруінен кейін бірден консилиум ұйымдастырылып, онда босандыру әдісі туралы мәселе шешілді. Өйткені шарана анасының құрсағына басымен емес, жамбас ұшымен, яғни бөкселермен келген әрі шақалақтың салмағы әдеттегіден үлкен болған.
Мамандардың айтуынша, кейде анасының құрсағына жамбаспен келген үлкен салмақты бүлдіршіндер табиғи жолмен туады және бәрі жақсы болады. Бірақ бұл жағдайда қиындық тудырғаны - ұрықтың үлкен салмағы, ананың метаболикалық синдромы. Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесір тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдайды. Нәтижесінде сағат 10:46-да салмағы 5 келі, бойы 62 см болатын қыз дүниеге келді. Мұндай сәбилер «алып» деп аталады, – дейді басқарма.
Жыл басынан бері перинаталдық орталықта 2135 нәресте дүниеге келсе, оның ішінде 5 келіден жоғары салмақпен өмірге келгендері – 13.