Түркістан облысында мектеп түлектерінің кортежіне қатысты 5 жүргізуші жауапқа тартылды
Тәртіп бұзушылардың көліктері айып тұрағына қойылды
Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бірқатар кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген Түркістан қаласының полицейлері көрші аудандағы мектеп түлектерінің қатысуымен болған автокөліктер кортежін анықтады. Қабылданған шаралар барысында сақшылар тәртіп бұзған жүргізушілердің жеке басын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
BMW және ВАЗ автокөліктерінің жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі және 606-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олардың көліктері айып тұрағына қойылды.
Сонымен қатар Қазығұрт және Сарыағаш аудандық полиция бөлімдерінің полицейлері әлеуметтік желілердегі бейнежазбада анықталған тағы бір дерек бойынша жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап, көлік құралдары айып тұрағына қойылды.
Полицейлер Hery Tiggo 7, Lada 21705 және Lada 2115 көліктерінің жүргізушілерін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 9-бөлігі, 230-бабы 2-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 593-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартты. Сондай-ақ тәртіп бұзушылар мен жасөспірімдерге профилактикалық әңгімелер жүргізілді.