×

Астанада мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы 20 млн теңге пара алған

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды

 Динара Амантай 02.06.2023 | 15:52
Фото: inbusiness.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қазір Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама