Рудныйдағы колледж студенттері жаппай тамақтан уланып қалды

Қымбат Елтайқызы

Колледж асханасындағы тамақтан уланған 10 студент ауруханаға жатқызылды

фото: Halyq Uni

Рудный тау-кен технология колледжінің 70-тен астам студенті жергілікті асханада уланған. Зардап шеккендер жүрегі айнып, құсқысы келгенін айтып медицина мекемелеріне жүгінген.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасындағылар емдеуге жатқызылған 10 студенттің жағдайын айтты.

«Студенттер ауруханаға жаппай шағымданды. Жағдайы - жеңіл және орташа ауыр. Көпшілігі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Дәрігерлер науқастардың асқазанын жуып, алғашқы көмек көрсетті, сосын үйіне қайтарды», - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Рудныйдағы жағдай бойынша журналистердің сұрағына жауап берді. 

Тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша шара қолданылады. Енді оны анықтауымыз керек, - деді министр Сенат кулуарында.

Рудный тау-кен технология колледжі 1966 жылғы 1 ақпанда ССГОК үшін білікті жұмыс кадрларды даярлау бойынша кеншілердің кәсіби-техникалық училищесі ретінде ашылған.