×

228 маман қажет: Маңғыстауға баратын медицина қызметкерлеріне қандай жағдай жасалады

Денсаулық сақтау саласына қажет мамандарды даярлауға 157 грант бөлінген

 Халық үні 02.06.2023 | 13:25
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында денсаулық сақтау саласында 228 маман тапшылығы бар. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамандарды даярлау және біліктілігін арттыруға бағытталған қаражат есебінен 175 грант бөлінді. Соның 157-сі денсаулық сақтау саласына қажет мамандарды даярлауға бөлінді. Басқа өңірлерден мамандар шықырту жұмыстарына да қосымша қаражат бөліп отырмыз. Былтыр денсаулық саласына 110 дәрігер келді, - деді облыс әкімі.

2023 жылы жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаж ауылдық жерге жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға 70 млн теңге бөлінген.

Қазір резидентура біліктілігі бойынша облыстың медициналық ұйымдары үшін 36 кадр даярлауға 66 млн теңге қаражат қарастырылған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2022 жылы 208 маманға үй сатып алуға несие (954 млн теңге) және 423 маманға 131 млн теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы берілген.

Осы бағдарлама аясында 2023 жылы 411 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төлеуге 143 млн теңге, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 231 маманға 1,2 млрд теңге жәрдемақы қарастырылды.

Айта кетейік, 2022 жылы облыста 21 548 жұмыс орны құрылды, оның 58,6%-ы тұрақты жұмыс орны.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама