×

«Өтірік ақпарат бергенді қойыңыздар»: депутат министрдің дерегіне күмән келтірді

Келесі жылы Қазақстанда 350 өндіріс ашылуға тиіс

 Дәурен Ерболат 02.06.2023 | 12:45
фото: parlam.kz

Бүгін Мәжілісте AMANAT фракциясының депутаттары «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасының» кешенді жоспарын талқылады.

Жиында депутат Самат Мұсабаев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтқан деректерге күмән келтірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық экономика министрі жиында министр Қазақстанда жаңа жұмыс орындары ашылатынны айтты.

«Экономика бір орында тұрмайды. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде уақытша жұмыс орындары да болады. Біз (баяндамада) жалпы сандарды көрсеттік. Статистика бойынша да ұсыныстар болған. Бізде бәрі статистикада көрсетілген. Инфляция, азық-түлік инфляциясы....», - деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ министр жаяу жүретінін, базарды аралайтынын атап өтті.

Мен базарға барамын, жаяу жүремін. Біз бәрін көреміз. Көп министр солай істейді. Вице-министрлер де солай істейді, - деді ведомство басшысы.

Жиында баяндама жасаған министрдің сөзін депутат бөліп жіберді.

Сіз депутаттардың алдына келіп баяндама жасадыңыз. Баяндама 2024 жылы 350 өндіріс орны ашылуы керек деп жазылған. Оның әрбірінде 2 мың адамнан жұмыс істейді. Өтірік ақпарат бергенді қойыңыздаршы, - деді Самат Мұсабаев.

Әлібек Қуантыров баяндамасында келтірілген деректердің «өтірік» еместігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама