Депутаттың айтуынша, Қазақстанда табысы ең төмен деңгейдегі 1 млн адам бар
Қазақстан халқы жалақысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазақстандықтардың табысы төмен болған және инфляция салдарынан табысының 50%-ын тек азық-түлікке жұмсайды. Азаматтар ақша жинамақ түгіл, басқа қажеттіліктеріне ақшасын жеткізе алмай отыр деген сөз. Өңір арасында теңсіздік әлі де байқалады, - деді депутат Мәжілісте өтіп жатқан жиында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр мемлекет қолдауының нәтижесінде 94 мың отбасы кедейлік шегінен шыққан. Алайда биыл мамырда аталған көрсеткіш өзгеріссіз қалып отыр.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда табысы ең төмен деңгейдегі 1 млн адам бар (5,2%).
Бүгін Мәжілісте AMANAT фракциясының депутаттары «Халықтың табысын 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасының» кешенді жоспарын талқылады.