×

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесіне оң баға берді

Қазақстан таяу жылдары дамыған елдердің клубына мүшелікке үміткер болуы мүмкін

 Динара Амантай 02.06.2023 | 12:21
Фото: t.me/antikornews

Халықаралық ұйымдар Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесіне оң баға берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ЭЫДҰ, БҰҰ Есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасының, ЕҚҚДБ өкілдері жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жаһандық форум және Париж қаласындағы ЭЫДҰ жемқорлыққа қарсы желісі басқарушы тобының отырысы барысында Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жақсы бағалады.

Қазақстан мониторингтің 4 кезеңінен сәтті өтіп, ЭЫДҰ сарапшылары ұсынымдарының басым бөлігі орындалды. Шетелдік лауазымды тұлғалардың пара алуына қарсы күрес жөніндегі конвенцияға қосылу жоспарланып отыр.

ЭЫДҰ-ның барлық ұсынымдарын орындау кезінде Қазақстан таяу жылдары дамыған елдердің клубына мүшелікке үміткер бола алады деп болжанады. Болашақта бұл ЭЫДҰ елдерімен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді экстрадициялау және олар заңсыз тапқан мүлікті қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің Еуропа мемлекеттерінің аумағында халықаралық тергеу тапсырмалары бойынша жүргізіліп жатқан жедел-іздестіру іс-шараларына қатысуына негіз жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дмитрий Малаховтың басшылығымен Қазақстан делегациясы жемқорлыққа қарсы тиімді күреске бағытталған соңғы өзгерістерді ұсынды. Атап айтқанда, бірінші басшы қарамағындағылардың парасаттылығы үшін дербес жауапкершілігі, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікті арттыру, заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, негізсіз байыту үшін жауапкершілікті енгізу және жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды кешенді қорғау шаралары сияқты нормалар мен заңнаманы халықаралық стандарттарға сәйкес қатаңдату туралы сөз болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама