Halyq Uni логотип
×

Астана әуежайында жолаушылардан 5 мыңнан аса тыйым салынған зат тәркіленген

Сондай-ақ декларацияланбаған ірі ақша алып жүру жағдайлары анықталды

 Динара Амантай 02.06.2023 | 11:36
Астана әуежайында жолаушылардан 5 мыңнан аса тыйым салынған зат тәркіленген
Фото: Halyq Uni

Астана әуежайында жолаушылардан 5 мыңнан аса тыйым салынған зат тәркіленген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әуе айлағы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 3 айда Астана халықаралық әуежайы 660 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл ретте авиациялық қауіпсіздік қызметі жолаушыларды тексеру кезінде 5 177 тыйым салынған зат тәркіледі. Оның ішінде, 124 суық және газ қаруы, 66 бұрыш қосылған спрей мен электрошокер, 7 кастет, қару тектес 582 зат, 65 оқ-дәрі, 44 жарылғыш зат, 24 улы, коррозиялық және басқа да заттар бар.

Сондай-ақ жолаушылардан 72,8 литр тез тұтанатын сұйықтықтар және әуе кемелерінде тасымалдауға шектелген 4 264 ықтимал қауіпті зат табылды. Көбінесе бұл балға, балта, тесу және кесуге арналған құралдар. Бұдан басқа, багажда және қол жүгінде декларацияланбаған ірі ақша сомаларын алып жүру жағдайлары анықталып, ҰҚК және ҚР ҚМ МКК уәкілетті қызметтеріне жіберілді.

Былтыр елордалық әуе айлағы өз тарихында алғаш рет 6 млн жолаушыға қызмет көрсеткен. Өз кезегінде қауіпсіздік қызметі жолаушылардан 2 мыңнан аса атыс қаруы мен 67 780 оқ-дәрі тәркілеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама