Жүйеде 19,7 млн-нан аса азамат туралы ақпарат жинақталған
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде биыл 1 қаңтардан бастап 102 мыңнан аса адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 12 мыңнан аса адам пайдаланған. Жобаны пилоттық режимде іске асырған сәттен бастап (2022 жылғы 1 қыркүйектен) мемлекеттік қолдау шаралары ОЦК арқылы 20 мыңнан аса азаматқа тағайындалды.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 19,7 млн-нан аса азаматы немесе 6 млн-нан аса отбасы туралы ақпарат жинақталған.