Найзағай, жаңбыр, дауыл: синоптиктер 2 маусымдағы ауа райын болжады
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады
Қазгидромет мамандары 2 маусымдағы ауа райын болжады. Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сондай-ақ күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының басым бөлігінде күн қатты ыстық болады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста өте қатты ыстық болады деп болжанды.
Қостанай, Ұлытау облысының басым бөлігінде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында күн қатты ыстық болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары делінген синоптиктер болжамында.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының басым бөлігінде де күн қатты ыстық болады.