×

Маусымда сумен жабдықтау мәселесі толығымен шешіледі – Жеңіс Қасымбек

Жаңа ауыз су станциясы (ССС-3) кезең-кезеңімен қолданысқа беріледі

 Динара Амантай 01.06.2023 | 11:47
Фото: Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада маусым айынан бастап жаңа ауыз су станциясы іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бірер айдан бері «Астана Су Арнасы» су қысымын төмендеткен болатын. Кейбір тұрғын үй кешендерінде сорғыларына байланысты қиындықтар туындаған. Мамандар арнайы барып, басқарушы компанияларға жүйелерді қайта жөндеу ісіне көмектескен.

Маусым айынан бастап біз жаңа ауыз су станциясын (ССС-3) кезең-кезеңімен қолданысқа бере бастаймыз. Алдымен іске қосу әрі жөндеу жұмысы жүргізіліп, жүйені тексереміз, содан кейін күніне 35 мың текше метр су береміз. Тамыз айында күніне 105 мың текше метр көлемде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл қаладағы сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді. Оның ішінде құрылыс жұмысы жүріп жатқан аудандар да бар, – деп жазды қала әкімі.

Сонымен бірге Жеңіс Қасымбек жылыту маусымының мәселесін де атап өтті.

Аталмыш мәселені шешу үшін осыған дейін екі газ жылыту станциясының («Тұран», «Оңтүстік-Шығыс») құрылысы басталған болатын. Сондай-ақ ЖЭО-3 бойынша да жұмыс жүріп жатыр, ол құрылысы ұзаққа созылған нысанға айналды. Осы нысандардың құрылысын аяқтап, 2023-2024 жылыту маусымына олардың қуатын ескере отырып, іске қосуды міндеттедім. Мердігерлер жауапкершілікті толықтай білуі керек, – деп түйіндеді сөзін қала басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама