Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысында 8 жасар бала үш метрлік шұңқырға құлап кеткен

Сол жердегі жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығы жауапқа тартылуы мүмкін

 Динара Амантай 01.06.2023 | 10:17
Павлодар облысында 8 жасар бала үш метрлік  шұңқырға құлап кеткен
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында 8 жасар бала үш метрлік шұңқырға құлап, салдарынан ауруханаға түсті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 30 мамырда Павлодар облысы Шарбақты ауданы ауылдарының бірінде 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала тереңдігі шамамен 3 метр болатын су құбыры шұңқырына құлаған. Жарақат алған ұл бала Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

Аталған дерек бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығына қатысты ҚР ҚК-нің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме қолданылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама